Антикор қызметкері пара алғаны үшін сотталды

8 Қыркүйек 2022, 11:43 1053

Ақтау қалалық сотымен үкім шығарылып, заңды күшіне енді

Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық қылмысы (пара алу) үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат таратылуда, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.

Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық сотымен үкім шығарылып, заңды күшіне енді.

Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

А. Ізбасарды Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелегенін атап өту керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы, оның ішінде өз қатарларында ымырасыз күрес жүргізеді.

Егер сіз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттерге, сондай-ақ Агенттік мәртебесін алаяқтық мақсаттарда пайдаланатын тұлғаларға тап болсаңыз, келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ӨҚД

8 7172 909 372 (37)

e-mail: uvb@antikor.gov.kz

Call-орталығы – 1424 

Бөлісу: