Антикор төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты іс сотқа жетті

6 Шілде 2023, 00:24 1140

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент сотының баспасөз қызметі таратқан дерекке сәйкес, қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Мақсат Қожабаев пен Закир Гуламовқа қатысты іс келіп түскен.

Қылмыстық істегі айыптау актісіне сәйкес, 2021 жылдың 5 желтоқсаны мен 2022 жылдың 29 қаңтары аралығында сотталушы М.Қожабаев алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы, лауазымды адам бола тұра өзінің қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырып, ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаған.

Сотталушы З. Гуламов 2021 жылдың 5 желтоқсаны мен 2022 жылдың 29 қаңтары аралығында алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы, лауазымды адам бола тұра өзінің қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырып, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге азғырып, ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында және 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаған, - делінген хабарламада.

Перизат Саденова
Бөлісу: