Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты тергеу туралы деректерін жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда Қайрат Сатыбалдыға қатысты 218-баптың 3-бөлігі – қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қайрат Сатыбалдыұлы қылмыстық жолмен табылған қаражатты және заңсыз ақшадан түскен пайданы пайдалана отырып, әртүрлі мүлікке, соның ішінде шетелде де иемденіп, Қазақстандағы және шетелдегі банк шоттарына ақша салған. Бұл іс қазір сотта қаралып жатыр, - деді ресми өкіл Арман Тілеукенов брифингте.
Оның айтуынша, салықтан жалтару бойынша тағы бір іс қозғалған.
Осыған орай, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, жаңа ақпарат түскен бойда халыққа ақпаратты жеткіземіз. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 850 миллиард теңгеден аса тәркіленген барлық мүлік мемлекетке қайтарылды, - деді ресми өкіл.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларына, яғни 55,4 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті.