Антикор: Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары ұсталды

9 Қазан, 16:57 407

Антикор Қаржы министрлігі лауазымды тұлғаларының қылмыстық схемасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арнайы операция барысында Алматы және Астана қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары әшкереленді.

Антикор мәліметінше, олар кәсіпорынға толық сомаға азайтылуы тиіс 570 млн теңге мөлшерінде салықты негізсіз қосымша есептеу туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізе отырып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деген күдікке ілінді. Алдағы уақытта аталған мәселені шешу сылтауымен 68 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алу үстінде Қаржы министрлігінің лауазымды адамдары мен делдал әшкереленген, - делінген мәліметте.

Соттың санкциясымен күдіктілер электронды бақылау құралдарын қолдана отырып, «үй қамағына» алынды.

Ведомствоның басқа лауазымды адамдарының қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: