Антикор «Отын ресурстары орталығы» басшылығына қатысты ұсынысты қарады

11 Қыркүйек, 20:41 409

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС еншілес ұйымында «Отын ресурстары орталығы» филиалының (ОРО филиалы) басшылығына қатысты іс бойынша ұсыныс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Агенттіктің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы К.Т. Сүлейменов, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және ОРО филиалының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Ұсыныс қылмыстық құқық бұзушылық пен заңның басқа да бұзушылықтарын жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.

ОРО филиалының батыс дивизионының бұрынғы директоры алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жанармай қоймаларының бірінің бастығының міндетін атқарушыдан оны осы лауазымда бекіткені үшін 50 мың АҚШ долларын алған.

Сонымен қатар, мамандардың қатысуымен жанармай қоймаларын тексеру барысында сақтауға келіп түсетін және жіберілетін ЖЖМ-ды дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету бойынша көптеген бұзушылықтар мен олқылықтар анықталды.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ға жемқорлық тәуекелдерін және ЖЖМ жымқыру фактілерін жою, оның ішінде отын қоймаларында ЖЖМ қабылдау, босату және сақтау процестерін цифрландыруды енгізу, сондай-ақ конкурс өткізу арқылы ОРО филиалының басшы лауазымдарына тағайындау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды ұсынды.

Ұсынысты қарау шеңберінде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын болдырмау, тауар-материалдық құндылықтарды жымқыру мақсатында бақылау есепке алу аспаптарын, өлшеу аспаптарын (таразыларды), қазіргі заманғы бейнебақылау жүйелерін сатып алу және орнату жөніндегі бағдарламалар бекітілді. Сонымен қатар, жіберілген бұзушылықтар үшін жабдықтар жөніндегі қаржы директоры және ОРО филиалының Шығыс дивизионының бұрынғы бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Перизат Саденова
Бөлісу: