Антикор Дариға Назарбаеваның баласын тексеруді бастады

24 Қаңтар, 13:51 2476

Әлеуметтік желіде Алматыдағы жер сілкінісін хабарлау жүйесіне экс-президенттің жиені Нұрәлі Әлиевтің қатысы бар екені айтылған ақпарат таралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі қандай шара қабылданғанын айтты деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор өкілдері желіде таралған ақпараттан хабардар болып шықты.

Біз ол ақпараттан хабардармыз. Сондай-ақ, әріптесіміз, қоғамдық кеңес мүшесі Дидар Смағұловтың әлеуметтік желідегі жазбасын оқыдық. Бұл факті бойынша «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің арызын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Алматы қаласы бойынша департаменті тіркеді. Материалдар өкілетті органға тексеру жүргізу үшін жолданды, - дейді Арман Тілеукенов.

Тексеріктің нәтижесі халыққа айтылатынын да атап өтті.

Сол тексерудің қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданып, БАҚ пен қоғамға хабарланады, - деді Антикордың ресми өкілі.

Айта кетейік. Мәжіліс депутаттары да автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесінің істемеу себебін және сол әрекетсіздікке жауапты тұлғаларды анықтау туралы мәселе көтерген еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: