Антикор БҚО әкімінің орынбасары ұсталғанын жоққа шығарды

24 Шілде 2023, 18:23 926

Антикор БҚО әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған адамдар ұсталған жоқ, - делінген мәліметте.

Оқи отырыңыз:

Ведомство қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпарат Антикордың ресми сайтында және telegram-арнасында жарияланатынын еске салып, азаматтарды тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуді шақырды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: