Антикор алаяқтар туралы ескерту жасады

22 Қазан, 04:33 329

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар пайда болғанын алға тартты.

Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдауда. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар осындай қоңыраулар мен хабарламалар алған тұрғындарға құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға кеңес беріледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: