28.09.2023
18:17
36856
Әнші Наркенже Серікбаеваның жолдасы өмірден озды

Әнші Наркенже Серікбаеваның жолдасы өмірден озды

Қаралы хабарды өнердегі әріптес әпкесі Мақпал Жүнісова жеткізді. Бұл туралы Massaget.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Мақпал Жүнісова әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

 Сіңлім, қайғыңа ортақпын. Жолдасыңның иманы саламат болсын. Алла сабыр берсін өзіңе, - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Әншінің парақшасындағы марқұм күйеуімен түскен бейнежазбаға желі қолданушылары да көңіл айтып, пікір жазып жатыр.