Әнші Меруерт Түсіпбаева ұлының үйленуіне қарсы екенін айтты

30 Қараша 2023, 09:00 1647

Елге есімі белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева алғаш рет отбасы туралы «Ұйқым келмейді» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ол өзінің 22 жастағы ұлы барын айтып, үйленуіне қарсы екенінде мойындады.

Қазір балам жас. Мен оған «өмірді көр, әлемді арала» деймін. Кейбір әріптестерім секілді «мен тұрмысқа шығамын» деп айта алмаймын. Тұрмысқа шықсам да ол менің жеке шаруам. Жалғыз емеспін, мені сүйетін, мені аялайтын азамат бар. Мен ұрссам да, еркелесем де мені кешіреді. Бірақ ақ көйлек киюге жасым сәйкес келмейтін сияқты. Мен 52-демін, жан дүнием де 52-де, – деді ол.

Әнші жеке бастың шаруасын көптің талқысына салғысы келмейтінін де айта кетті.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: