19.06.2023
23:22
2206
Әнші Кәмшат Жолдыбаева: Араб тілін үйреніп жүрмін

Әнші Кәмшат Жолдыбаева: Араб тілін үйреніп жүрмін

Жуырда тұрмысқа шығып, орамал тарта бастаған белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева араб тілін үйреніп жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әнші жаңалығын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Нұр-Мүбәрак университетіне келіп отырғаны жайым бар. Зуль-Хиджа айы кіріп жатыр. Бұл ай тек игі амалдарға, ғибадатқа толы болсын. Жаңа апталарыңыз жаңа жеңіске, қуанышқа толы болсын, – дейді Жолдыбаева.

Осыдан кейін сабақ барысын көрсетіп, араб тілін қаншалықты үйренгенін оқырмандарына көрсетті.