09.08.2023
12:04
1718
Әнші Индира Еділбаева тұрмысқа шықты

Әнші Индира Еділбаева тұрмысқа шықты

Қазақстандық әнші әрі актриса Индира Еділбаева тұрмысқа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қуанышты жаңалығын ол әлеуметтік желіде бөлісті.

Еділбаеваның жары – Камалдин Камирдинов. Ол да өнерде жүрген жан. Көпшілік оны The Limba, Moreart, Liili сынды отандық әртістердің менеджері ретінде біледі.

Оқи отырыңыз:

Естеріңізде болса, биыл сәуір айында Камалдин Балидеге демалыс кезінде әншіге неке жүзігін сыйлап, үйленуге ұсыныс жасаған болатын.

8.08.23 - шексіздік, - деп жазған жұп.

Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт пен мәңгілік махаббат тілеген.