13.10.2023
13:22
2984
Әнші Бағлан Әбдірайымов су жаңа көлік алды

Әнші Бағлан Әбдірайымов су жаңа көлік алды

Отандық әнші, «Жігіттер» квартетінің солисі Бағлан Әбдірайымов су жаңа көлік алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне көлік сыйлағанын мәлімдеді.

Жігіттер осылай қолдау көрсетті, - деп жазба қалдырды Бағлан Әбдірайымов.

Ал әншінің оқырмандары оны темір тұлпарымен құттықтады.

«Құттықтаймын», «Игілігіңізге мініңіз», «Көлік құтты болсын», «Жұмысыңыз алға баса берсін», «Қайырлы көлік болсын», - деп жазды желідегілер.