Әнші Бағдат Сәмединова өзі жайлы қауесетке нүкте қойды

15 Қыркүйек 2023, 15:55 17304

Әлеуметтік желіде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Бағдат Сәмединованың сырқаттанып қалғаны жайлы ақпарат тараған. Өнер иесі бұл сауалға өзі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Соңғы уақытта сіз туралы көп әңгіме жазылады. "Сырқаттанып қалды", "Шетелге емделуге кетті" дейді. Алаңдап қалғанымыз рас. Көрермендер де сұрап жатыр. Осы ақпарат рас па?", - деп сұрады.

Ал әнші Бағдат Сәмединова сырқаттанып қалғанын растады.

Болады енді, сырқаттанасың. Жазыласың. "Ауырдым, аунап тұрдым" деп жатады ғой. Сол сияқты, қазір жақсымын. Кішкене ауырып қалдым, - деді Бағдат Сәмединова.

Айта кетейік, біршама уақыт бұрын Бағдат Сәмединованың сырқаттанып, шетелге ем алуға ақша жинап жатқаны туралы ақпарат таралған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: