Әнші Әмре Астанадағы концертінде 11 млн шығынға батқан

7 Сәуір 2023, 14:54 2036

Көпшілікке Amre лақап есімімен танымал әнші Ернар Садырбаев Астанада өткен концерті жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесі елордада өткен жеке кешінің жалпы құны 30 млн теңгеден асқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында жазып, оқырман сауалына жауап берді.

Желі қолданушысының бірі "Астанадағы концерттің шығыны 30 млн теңге болды ма", - деп сұраған.

Ал әнші шығынның аталған сомадан көп болғанын жасырмады.

"Ұқсамайды ма? Сахна, жарық, музыканттар, партитура, графика, менеджмент, видео-фото контент, жарнама, мейрамхана - бәрін қосқанда 30 млн теңгеден әлдеқайда асып кетті. Ал қонақ болып келген жүргізуші, әнші бауырларым қолдап, тегін келді. Зал 100 пайыз толса да, концерттен 11 млн теңге шығынға баттым. Ниетім бұл жобадан ақша табу емес еді. Шығармашылық пен өз абыройым үшін жасадым", - деді Ернар Садырбаев

 
EL.KZ
Бөлісу: