Анна Данилина WTA-250 турнирінде жеңіске жетті

30 Шілде 2023, 00:07 550

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен жұптасып, Гамбургте (Германия) өткен WTA-250 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Финалдық кездесуде Данилина мен Панова Мириам Колодзьежова (Чехия) - Анжела Куликов (АҚШ) жұбын 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 13 минутқа созылды.

Анна Данилина биыл WTA-250 турнирінде алғаш рет жеңіске жетті.

Перизат Саденова
Бөлісу: