19.07.2024
04:30
1194
Анна Данилина Будапешт турнирінің жартылай финалына өтті

Анна Данилина Будапешт турнирінің жартылай финалына өтті

Анна Данилина Будапешттегі (Венгрия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Энеймен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:4. 

Данилина – Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.