Анкарадағы әуекомпания ғимаратында теракт болды

23 Қазан, 20:36 404

Түркия астанасы Анкарада орналасқан TUSAŞ түрік аэроғарыштық компаниясының ғимаратында теракт болып, қызметкерлер жарақат алып, 3 адам қаза тапқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Anadolu Agency-ге сілтеме жасап.

Теракт түріктің «Anka» ұшқышсыз ұшқыштары жасалып, «F-16» ұшағы модернизацияланатын «Tusaş» түрік әуекомпаниясы ғимаратының кіреберісінде болған. 3 адам қаза тапты. Олардың арасында бақылау-өткізу бекетінде отырған күзетші бар.

Лаңкестер бірінші болып әуелі осы күзет бекетіне оқ жаудырған, кейін өзін жарып жіберген.

Түркияның ішкі істер министрі тек сенімді ақпаратқа сенуге шақырды. Әділет министрі Мехмет Фатих Каджир бұл оқиғаны Анкараның бас прокуратурасы тергеп жатқанын растады.

Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз шабуылды айыптап, террористердің мақсаты – Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін бұзу екенін атап өтті.

Перизат Саденова
Бөлісу: