Ангелина Лукас Түркияда WBC International чемпиондық белдігіне қол жеткізді

1 Мамыр 2023, 11:40 1126

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Ыстамбулда жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыздың бұл сындағы қарсыласы Мексика спортшысы Ана Аррасола болған еді. Жекпе-жектің әрқайсысы екі минуттық 10 раунд бойынша өрбіді. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер құрамы бір ауыздан жеңісті Лукасқа берді.

Осылайша Ангелина Лукас WBC International тұжырымы бойынша бос тұрған титулды жеңіп алып отыр. Бүгінде 26 жастағы Лукастың бұл кәсіби бокстағы төртінші жекпе-жегі. Ол кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Айта кетерлігі, отандасымыз осыған дейінгі екі кездесуі уақытынан бұрын ұтқан. Ал Түркияда оған қарсы шыққан 43 жастағы Аррасоланың 28 рет жеңіске жетсе, үш тең есеппен жекпе-жектті аяқтаған. Сонымен қоса, кәсіпқой бокстағы 17 рет жеңіліске ұшырады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: