Google Android жүйесінде iPhone пайдаланушыларымен файл алмасуға мүмкіндік беретін Quick Share функциясын таныстырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Google корпорациясы Android құрылғыларында жұмыс істейтін жаңа Quick Share функциясын іске қосты. Әзірлеушілер блогында бұл мүмкіндік iPhone қолданушыларымен файл алмасуға жол ашатыны айтылған.
Apple-дің AirDrop функциясы оның экожүйесіндегі құрылғыларға ғана қолжетімді және сымсыз файл алмасуды бір жанасуда орындауға мүмкіндік береді. Ал Google инженерлері AirDrop жүйесіне қосылып, iOS пен Android арасында медиаконтент пен басқа да файлдарды еш кедергісіз жіберудің амалын тапқанын мәлімдеді.
Жоба Apple компаниясының қатысуынсыз жүзеге асқан сияқты. iPhone бұл «технологияны бұзу» әрекетіне қалай қарайтыны әзірге белгісіз. Google мәліметінше, қазір Quick Share-дің кроссплатформалық нұсқасы Pixel 10, Pixel 10 Pro, Pixel 10 Pro XL және Pixel 10 Fold смартфондарында қолжетімді.
Материалда айтылғандай, iPhone-нан файл қабылдау үшін Android қолданушылары құрылғының көріну параметрін 10 минутқа қосуы керек. Барлық алынған файлдар «Файлдар» қосымшасына сақталады. Жуық арада Quick Share функциясы басқа Android смартфондарына да таратылады деп жоспарлануда.
Бұған дейін Ookla сарапшылары iPhone 17 моделінде интернет жылдамдығы Apple-дің өзге смартфондарына қарағанда 40% жоғары екенін хабарлаған. Мұны мамандар жаңа N1 процессорымен байланыстырды.
Бұған дейін iPhone-ның сәтсіз моделін жасаған дизайнер Apple компаниясынан кеткені туралы жазғанбыз.