Андрей Голубев Швециядағы турнирдің финалына жолдама алды

22 Қазан 2023, 23:09 526

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Голубев Денис Молчановпен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, америкалық Роберт Галлоуэй – франциялық Альбано Оливеттимен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Андрей Голубев пен Денис Молчановтың соңғы бәсекедегі қарсыластары кейін анықталады.

Берік Арманов
Бөлісу: