АНАТОЛИЙ БАШМАКОВ: ҚХА КАФЕДРАЛАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ АКАДЕМИЯСЫНА АЙНАЛДЫ

12 Желтоқсан 2018, 04:15 2025

Астанада өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ҚХА төрағасының орынбасары Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының республикалық қауымдастығының өкілдері ұлттық кодты сақтау, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерін талқылады.

Кездесу онлайн режимінде өтті, онда кездесуге ҚХА-ның 35 кафедрасы ғана емес, сонымен қатар шетелдік спикерлер, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.

Отырысты бастай отырып, ҚХА Кеңесінің мүшесі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Ассамблея кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Анатолий Башмаков бүгінгі таңда желілік ақпараттық технологиялар – бұл ұлттық егемендікке қатер, ал ақпараттық соғыстар мен арандатудың мәні – кез келген елдегі, қоғамдағы ішкі проблемалардың генерациясы, ұлттық жанжалдарды шарықтату деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, егемендік пен оның күші адамдар үшін мықты әскер, зымырандар, танктер, экономика, яғни, туынды аспектілермен анықталады. Дегенмен де ең бастысы – Қазақстан халқының рухы мен әлеуметтік-саяси бірлігі деген пікір білдірді профессор. Осы рухани-адамгершілік ядросызынсыз қоғамдық иммунитет болмайды, онсыз ақпараттық шабуылдарға және рухсыз азғыруларға психологиялық иммунитет төмендейді. Сондықтан осы жылдар ішінде «қазақстандық рухтың нағыз мектебі мен қазақстандық патриотизм академиясы» болған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының рөлі зор.

«Қазақстан бүгінде мәдениеттер мен этностардың одағы ретінде қалыптасып, бекітілді, егер оның негізгі қатысушысы – қазақ этносы мемлекетінің құраушы объект ретінде болса, бұл одақ мықты және ұйымшыл болады. Қазақтар –қоғамның нығыздайтын тіні, мемлекеттің өзегі және Қазақстан Республикасының үйлесімі. Басқа этностардың, соның ішінде саны аз этностардың және Қазақстандағы мәдениеттердің бірыңғай тұтастыққа бірігуі бұзылса, қазақстандық бірегейлікке қиындық туады», – деп түсіндірді Анатолий Башмаков.

Ассамблея бастамашылық ететін ауқымды мәдени-ағартушылық «Қазақтану» жобасы өзінің рухы мен мазмұны жағынан рухани жаңғырту идеясына сәйкес келеді және қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, қазақ халқының құндылықтарын танымал етуге, сондай-ақ саясиаралық байланыстарды дамытуға, жалпы Қазақстандық құндылықтар мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.

«Жоба аясында құндылықтарымызды, бірлік пен келісімнің үлгісін жас ұрпаққа тапсыру механизмі құрылды. Қазақ халқының үздік дәстүрлері жаңғырту жетістігінің алғышарты және маңызды шарты болуы тиіс», – деді Леонид Прокопенко.

Сонымен қатар ол «Қазақтану» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2019 жылдың соңына дейін республикалық лекторий бағдарламасы, әдістемелік ұсынымдар мен республикалық және облыстық іс-шаралар жоспары жасалғанын айтып өтті. ҚХА басшысының орынбасары жобаны іске асырудың жаңа векторы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялап, «Қазақтанудың» көкжиегін кеңейтіп, жаңа контурын бейнелеп берді. Жоба Мемлекет басшысының жаңа идеясының арнасында жатқанын атап, спикер Президент мақаласының маңызды аспектілерін айқындап берді. «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбы қазіргі замандағы біздің бірегейлігімізді арттыратын тақырып.

Ассамблея Хатшылығы меңгерушісінің пікірінше, қазақстандықтардың тарихты қабылдау – тұтас, оң және қоғамды біріктіруі тиіс, бұл «Қазақтану» жобасының міндеті болып табылады.

«Біздің жалпыұлттық тарихи санамыз бен бірегейлігіміз Қазақстанның әрбір азаматының жанынан орын алатын «өткен үшін мақтаныш, болашаққа деген прагматикалық баға және позитивті көзқарас» атты қуатты дүниежүзілік триадада құрылуы тиіс», – деді Леонид Прокопенко.

«Қазақтану» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толтыруға арналған жобалар тізбесіне енгізілген (ЖҰЖ-ның 92-тармағы) және оған 17 кешенді жоба қосылды.

Талқылау барысында астаналық Ассамблеяның жұмысы туралы ақпарат берілді. Астана қаласы ҚХАХ меңгерушісі Ләззат Құсайынова өз сөзінде астаналық Ассамблеясының 20-шы мерейтойының маңыздылығын атап өтті. Мерейтойға Маңғыстау облысы Қазақстан Президентінің бейбітшілік пен келісім идеясының салтанатын білдіретін көптен күткен Достық үйін сыйға тартты.

«Бүгін Астана — бұл мәдениеттер мен өркениеттер диалогының, әлемдік конфессиялық диалогтың, тілдердің, мәдениеттер мен дәстүрлердің бай палитрасын қамтитын біртұтас түркі әлемінің орталығы», – деді Ләззат Құсайынова.

Спикер астаналық мәртебеге байланысты, қалалық ҚХА аймақтық ассамблеялар арасында ерекше орын алуы керек, Астана имиджінің бір өлшемі болуы тиіс деп есептейді. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы XXVI сессиясында өңірлік ҚХА үшін үлгі стандарт ретінде қаланың консультативтік-кеңесші органын дамыту бағдарламасы негізінде жұмыс жүргізілуде.

Халықаралық конференцияда ЕҰУ докторанты Чу Янг Мин Қазақстан көптеген этностардың татулығын сақтап, бейбітшіліктің нышаны болып отырғанына сүйсінетінін білдіре отырып: «Мен Еуразиялық ұлттық университетінің докторанты ретінде Қазақстандағы қызығушылық білдірген тақырыбым – Қазақстанның көпэтникалылығы және Қазақстан халқы Ассамблеясы. Корея көп уақыт бойы моноэтникалық мемлекет болған, бірақ қазіргі Корея моноэтникалық қоғамнан көпэтникалық қоғамға айналуда. Неге Қазақстанның үлгісі Кореяға маңызды десеңіз, мен оған үш себеп бар деп айта аламын. Біріншіден, Қазақстан көп уақыт бойы көпэтникалық қоғам болғанымен, жақсы және жаман тәжірибелері бар. Менінше, Қазақстанның тәжірибесі Кореяға көмек бола алады. Екіншіден, Кореяның осы саладағы зерттеулері көбінесе Батыс мемлекеттерінің, мысалы, Америка, Канаданың үлгісіне негізделген. Менің ойымша, қазіргі Кореяга Азиялық, Еуразиялық үлгі қажет деп ойлаймын. Үшіншіден, Қазақстанда 100 мыңнан астам кәріс Қазақстанның азаматы болып тұрып жатыр. Олар туралы зерттеу жасауды ұйғардым.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері медиатор имиджін жасауға тырысып жатыр. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы өз үлесін қосуда. Ол орталық пен аймақты, үкімет пен адамдарды біріктіреді. Сондықтан менің ойымша, осы медиатор имиджі Қазақстанның көпэтникалық жағдайы үлгісінің ерекшелігі болып табылады. Басқа осы саладағы көпэтникалық жағдайдағы қиыншылықтарға ұшыраған мемлекеттерге осы Қазақстанның тәжірибесі жаңа және пайдалы болады деп есептеймін», – деп мақсатымен бөлісті.

Кездесуде сондай-ақ шетелдік спикерлер, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің өкілдері сөз сөйледі. Іс-шара соңында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ҚХА кафедрасының меңгерушісі конференция қорытындысын шығарып, жиынға қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

Бөлісу: