17.09.2022
07:26
1204
Қанат Ислам GGG-ге қолдау білдірді

Қанат Ислам GGG-ге қолдау білдірді

Қазақстанның орта салмақтағы боксшысы Қанат Ислам айқас алдында Геннадий Головкинге сәттілік тәледі, деп хабарлайды El.kz. 

Бұл туралы боксшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Сәттілік бауырым", - деп жазба қалдырды боксшы.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес 17 қыркүйекте екінші орта салмақта үшінші мәрте кездеседі. Жекпе-жек Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Қазақстандықтар бокс кешін "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирден көре алады. Басталуы — 18 қыркүйек, сағат 05:00. Басты айқас шамамен 08.00-де басталады.