28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бокстан әлем және Азия чемпионы атанған Оразбек Асылқұловқа екі бөлмелі пәтер кілтін табыстады.
Бұған дейін спортшының пәтерсіз жүргені айтылған еді. Салтанатты іс-шара Азия чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін ұйымдастырылды.
Бокстан жетстікке жетіп жатсың. Демеушілермен бірге саған пәтер кілтін табыстаймыз. Бокс федерациясының президенті алда Азиада бақ сынайтыныңды айтты. Ақмоланың ғана емес, еліміздің абыройын көтере бер. Көкшенің жігіттері жігерлі, намысты екенін көрсетіп, артыңнан шәкірттер ере берсін, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар облыс әкімдігі Асылқұловтың бапкеріне бір миллион теңге көлемінде сертификат сыйлады.
Айта кетерлігі, бұған дейін 60 келі салмақта өнер көрсететін ұлттық құрама боксшысының анасымен бірге жалдамалы пәтерде тұратыны туралы ақпарат тарады.
Оразбек Асылқұлов Ақмола облысының Жақсы ауданында дүниеге келген. 2011 жылдан бері бокспен айналысады.Ол 2025 жылы IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Биыл бірінші рет Азия чемпионатында топ жарды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?