Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем кубогында жүлдесіз қалды

1 Желтоқсан, 12:49 574

Финляндияның Рука қаласында фристайл-могулдан әлем кубогының алғашқы кезеңі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандықтар арасындағы үздік нәтижені Анастасия Городко көрсетті. Спортшы жарысты жетінші орынмен аяқтады. Одан кейін Юлия Галышева орналасса, Аяулым Әмренова 12-орынға табан тіреді.

Ерлер арасындағы жарыста Павел Колмаков 21-орынға, Фёдор Бугаков 32-орынға, ал Антон Бондарев 38-орынға ие болды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: