Анашым күресімді жылап отырып көреді – Азия ойындарының жүлдегері

27 Қыркүйек 2023, 10:03 683

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен 100 келіге дейін салмақта қола жүлдегер атанған Нұрлыхан Шархан жарыстан кейін тілшілерге сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Барлық кездесу өте қиынға соқты. Әсіресе жапон балуанымен белдесу ауыр болды. Дегенмен қола медальге қол жеткіздік. Алайда жартылай финалда өзбек балуанымен жаттықтырушының айтқанын орындамай, тактикалық тұрғыда есе жіберіп алдым. Негізі қарсыласымнан деңгейім төмен деп айта алмаймын. Тең дәрежеде күресіп жүргенбіз. Қалай десек те, бұйырғаны қола медаль болды, - дейді Нұрлыхан Шархан.  

Спортшы үшінші орын үшін өткен белдесуде  Оңтүстік Корея балуаны Вон Джон Хунды жеңді. Бұл жеңіке ол қатты әсерленіпті.

Эмоция өте керемет, командаластарымның бәрі медаль алып, қола, күміс медаль алып, күнде көрсетіп қызықтырды. Енді, міне, өзім де сол медальге қол жеткіздім, - деді дзюдошы.

Бір айта кетерлігі, дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының үш жүлдесі де Қызылорданың облысының балуандарына тиесілі. Жаттықтырушысы – Қален Қалиұлы.

Бұл жетістіктің ешқандай құпиясы жоқ. Тек еңбек ету керек. Еңбек бәрін жеңбек. Қызылордадан үш балуан ие болдық. Қызылорда емес, барша қазақтың медалі. Жапон балуанына ерекше дайындалдық. Өзімнің жеке жаттықтырушым бар. Тактика құрдық. Солақай болғаннан кейін сол қолын байлап, сол қолына қарай жұмыс істеп, тез шаршаттық. Сөйтіп, жеңіске жеттік, - дейді ол.

Жүлдеге жетер жолда Нұрлыхан әсіресе ширек финалда Токио Олимпиадасының чемпионы, 2017 жылғы әлем чемпионы, жапон Аорон Вольфты қапы қалдырғаны сенсацияға бағаланды. Оның алдында Бахрейн атынан өнер көрсетін экс-ресейлік Зелимхан Таус Якуб Башаевты жеңген. Өкініштісі, 2022 жылғы әлем чемпионы, өзбек балуаны Музаффарбек Туробоевпқа есе жіберіп алды.

Өзбекке физикалық тұрғыда шамам жетіп тұрған, эмоцияны да көрсетпеген едік. Қарсыласымның бойы сәл ұзындау. Ұзындық сылтау емес. Тактикалық тұрғыда қате болды. Алда Әбу-Дабиде күресеміз. Париж олимпиадасына ұпай жинау керек. Рейтинге қазір 22-орындамын. Жиырмалыққа кірген балуан олимпиадаға барады. Қазақ еліне рахмет! Анашым дұғаңыз қабыл болды. Балаңыз жеңіс тұғырында. Анашым менің күрескенімді жылап отырып көреді, -деді спортшы.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Алмас Абылай
Бөлісу: