Анам сұхбатқа Мақпал Жүнісова жайлы айту үшін барған жоқ – Құралай Нұрқаділова

9 Қараша 2023, 11:19 22836

Танымал отандық дизайнер, психолог, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова BILGEN DURYS YouTube арнасында Мақпал Жүнісовамен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілші дизайнерден «Мақпал Жүнісованы кешіре алдыңыз ба?» деп сұрады. 

Өзім психологпын ғой, кешірімді алдымен өзімнен бастауым керек. Негізі бұл туралы сөз қозғап, оны жұртшылық алдында талқылаудың да қажеті жоқ. Бұл екі адамның арасындағы қарым-қатынас қой. Сондықтан кешіргеніңді көпшілікке жария етіп айтудың қажеті жоқ, - деді Құралай.

Нұрқаділова анасының берген сұхбаты жайлы да ойын айтты. Естеріңізде болса, Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында сұхбат беріп, Мақпал Жүнісоваға қатысты да сөз қозғаған болатын. Осыдан соң Мақпал Жүнісова ол кісінің айтқарына мән бермейтінін алға тартқан.

Анам өте білімді адам. Ол Қазақстанның тарихын терең зерттеген. Әкемнің өмірін жолын толық біледі. Оның жанында жүрген адамдар жайлы, сол кездегі саясат жайлы да өте көп дүниені айта алады. Негізі анамның жан-жақтылығы сондай, ол кез келген тақырыпта сауатты, жинақы жауап бере алады. Тек журналист қайта-қайта Мақпалға орала беріп, анамның дәрежесін төмендеткісі келді. Басқа салаларға қатысты пікірін айтып жатса, қайтадан Мақпал жайлы сұрайды. Әйтпесе анам дәл Мақпал жайлы айтамын деп барған жоқ, - деді Құралай.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: