Аналар кеңесі шеберлік сыныбын ерекшелеп өткізді

11 Сәуір 2018, 02:29 2006

Көкшетау қаласының №1 құрылыс техникалық колледжінде қалалық орта мектептердің оқушылары үшін чуваш және армян ас үйінің тағамдарын әзірлеу бойынша шеберлік сыныбы өтті. Ұйымдастырушы – ҚХ Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мен Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы.

Ұлттық ас үй – кез келген этнос мәдениетінің маңызды бір бөлшегі. Ол халықтың тарихын, оның дәстүрлерін, тұрмыс салтының ерекшеліктерін көрсетеді.

Этностардың мәдениеті туралы білімді толықтыру мақсатымен Аналар кеңесінің мүшелері Рузанна Дегоян және Елена Тарасова ұлттық тағамдарды әзірлеу құпиясымен бөлісті. Қатысушылар болса, көріп қана қоймай, тағамдардан дәм татты.

Колледждің басшысы Алпысбай Омаров облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесімен ынтымақтастықта болу жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті. Шеберлік сыныбы жоғары сынып оқушыларына саналы түрде мамандық таңдауға, түрлі тағамды дайындаудың жай-жапсарын білуге, Қазақстан халқы этностарының мәдениетін тануға мүмкіндік береді.

Бөлісу: