«Анаға әскери тәртіп те кедергі емес»

14 Маусым 2023, 12:02 943

Қаздай қақшиып сапта тұрған ұлын құшақтаған ананың видеосы осылай талқыға түсіп жатыр.

Оқиға Маңғыстау облысындағы әскери бөлімдердің бірінде ант қабылдау кезінде болған. Баласын көрген ана шыдай алмай сапқа барып құшақтап алады. Ал сарбаз тек ернін жыбырлатып «Мама, маған қозғалуға болмайды» деп әскери тәртіпті еске салғысы келген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Айналасы 5-6 күннің ішінде 9 миллионнан астам қаралым жинаған жүрек тебірентерлік бейнетаспаның астында 5 мыңдай пікір жазылыпты. Бәрі дерлік көкшетаулық Наталья Полоздың әрекетіне елжіреп, еріксіз көзге жас келгенін жазып жатыр.

Арасында «анаға әскери жарғы қызық емес, өйткені ол – ана» деп ерекше ой айтқандары да бар.

«Баласы ештеңеге қарамай мамасын құшақтауы керек еді» дейтіндер де табылды.

Уайымдаудың қажеті жоқ. Ант қабылдап болған соң жауынгер Исламбек Дадамирзаев анасымен көрісіп, мауқын басты.

EL.KZ
Бөлісу: