Бодайбо-Иркутск бағыты бойынша ұшқан "Ираэро" әуе компаниясының ұшағының шассиі өртенді, деп хабарлайды El.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Шығыс Сібір көлік прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ан-24 ұшағының бортында 38 жолаушы болған.
– Иркутск әуежайына қону кезінде ұшақ шассиі айналмай қалып, жоғары жылдамдықпен үйкелістен өртенді, - делінген хабарламада.