ӘМСҚ басшысы Әбілқайыр Сқақов 1 миллион 400 мың теңге жалақы алады

22 Тамыз, 15:51 462

Бүгін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Әбілқайыр Сқақов БАҚ өкілдерімен кездесуінде өзінің жалақысына қатысты қойылған сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тілшілер «Медсақтандыру қорының топ менеджерлері қыруар сыйақы алады» деген ақпарат шыққанын айтып, қорда берілетін сыйақы мөлшерінің қандай екенін сұрады. ӘМСҚ басшысы бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. 

Қордың топ менеджерлеріне яғни, басқармадағы құрамға 5 адам кіреді. Олар соңғы үш жылда ешқандай сыйақы алмады және алмайды да. Ал мен және орынбасарларым алған сыйақының ең жоғарғы мөлшері жылына 650-700 мың теңгені құрайды. Директорлар кеңесінің шешімімен сыйақы мөлшері шектелген. Ұжым алатын сыйақылар қызметкерлердің KPI-мен бекітілген, – деді қор басшысы Әбілқайыр Сқақов.

Сонымен қатар Сқақов тілшілердің жалақасының мөлшеріне қатысты қойған сауалына жауап берді.

Қолыма ай сайын 1 миллион 400 мың теңге түседі, – деді Сқақов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: