05.06.2025
06:22
3240
Әмір Маймұратов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді

Әмір Маймұратов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді

АҚШ-тың Денвер қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жылдамдық санатында Қазақстан атынан сынға түскен Әмір Маймұратов үздік ондықтың қатарына еніп, жалпы есепте алтыншы орынды иеленді.

Сондай-ақ Бекнұр Алтынбеков те тоғызыншы нәтиже көрсетіп, үздік ондықтың қатарынан көрінді.

Аталған дисциплинада жеңісті индонезиялық Киромал Катибин жеңіп алды. Екінші орынға америкалық Зак Хаммер тұрақтаса, қола медальді Сэмюэль Ватсон (АҚШ) иеленді.