23.11.2023
16:02
1111
Америкалықтар қазақ әніне кавер айтты

Америкалықтар қазақ әніне кавер айтты

Америкалық AFCENT тобы қазақстандық МузАРТ тобының репертуарындағы «Балауса» әнін орындап, жұртты сүйсінтті. Әрі біздің елде емес, Катар астанасы Дохада шырқағаны желі қолданушыларының таңданысын одан сайын арттыра түскен. 

americancorner_astana парақшасында жарияланған видео 2 күн ішінде 370 мың қаралым жинады. Басылған лүпіл мен жазылған пікір де аз емес. Ең қызығы – МузАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің осы бейнежазбаның астында пікір қалдырғаны. Ол америкалық топтың өнеріне қошеметін осылай білдірсе керек. Өзге қолданушылар да таңданысын жасырмай, мақтауын аямай жатыр.