Америкалық ковбойлар инклюзивті білім алатын оқушылармен кездесті

Америкалық ковбойлар инклюзивті білім алатын оқушылармен кездесті

Ковбойлар Астана маңындағы «Қазақ үйі» шаруа қожалығында №96 мектеп-гимназиясының инклюзивті білім алатын оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ковбойлар лассомен өнер көрсетіп, атқа міну дағдыларын бөлісіп, балаларға керемет көңіл-күй сыйлады. Шара барысында Мадина Қуандық жүннен жасалған өнімдерді таныстырып, шеберлік сағатын өткізіп, қазақ өнерін қонақтарға түсіндірді.