«Барыс» шабуылшысы Джозеф ЛаБейт Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнауға дайын, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
- Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсету туралы ойыңыз жоқ па? Бұған дейін кейбір легионерлер Қазақстан азаматтығын алып, әлем чемпионатында ойнады.
- Мұндай ұсынысқа ашықпын. Бірақ алдымен тұрақты маусым басталсын. Қазір командаға көмектесіп, тезірек лигаға сіңісіп, ҚХЛ-да өз ізімді қалдырғым келеді, - деді шабуылшы «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, «Барыс» 2 қыркүйек күні өз айдынында уфалық «Салават Юлаеаты» қабылдайды. Бұл елордалық команданың ҚХЛ жаңа маусымындағы алғашқы матчы болмақ.