АҚШ-тың Миссури штатындағы анонимді ойыншы Powerball лотереясынан 410 миллион долларлық джекпотқа ие болды, деп хабарлайды BILD_Russian-ге сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Жолы болған ер адам лотерея қауымдастығына бұл ұтысы әзірге оның өміріне өзгеріс әкелмегенін айтқан.
Көбіне үйде болғанды ұнатамын. Мен үшін ең тамаша күн – үйде болып, қазір істеп жүрген ісімді жалғастыру: демалу. Иә, мен миллионермін, мультимиллионермін, бірақ кеше кешке кір жуып отырған едім, – деді жеңімпаз.
Бастапқыда ол алдағы бір жылды тек өзіне арнағысы келетінін айтқан. Бірақ бұл жоспары толық орындалмайтынын болжайды.
410 миллион доллар – Миссури тарихындағы ең ірі лотерея ұтысы. Жеңімпаз билетті 6 қыркүйекте Сент-Луистегі QuickTrip асханасында сатып алған.