Аманғали Бердалин Ақтөбеде шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарымен танысты

16 Маусым, 22:11 495

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың тапсырмасы бойынша вице-министр Аманғали Бердалин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр Әйтеке би ауданында, сондай-ақ Ақтөбе облысының Қостанай облысымен шекараласатын аймақтарындағы шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының сапасын тексерді.

Өңірдегі басты астық орталықтарының бірі саналатын Әйтеке би ауданында Аманғали Бердалин ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Әдістемелік орталығының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен өзекті мәселелер бойынша жедел кеңес өткізді. Жиында шегірткелерге қарсы тиімді күрес жүргізу, нәтижесінде үйір шегірткелерге қарсы барлау және химиялық шараларды ұйымдастыруға бақылауды күшейту тапсырылды.

Вице-министр инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын да көрді. Мәртөк ауданында «Айс» ЖШС 800 басқа арналған сүт фермасын салуда.

Жоба Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Нысандағы барлық құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, сүт-тауарлы фермасы 2024 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

Вице-министр сондай-ақ құрамында қанты бар және мал азықтық дақылдар егіліп жатқан тәжірибелік алқаптарды аралап көрді.

Облыста «KazFeltec» ЖШС бастаған жүн өңдеу зауытының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Кәсіпорын жүннен құрылыс материалдары мен жылусақтағыш материалдарын шығаратын болады.

Бұл жоба жүнді сату мәселесін шешеді. Сонымен қатар, вице-министр мал сою комбинатына барып, Құрбан айт кезінде мал сою технологиясымен танысты.

Өңірге жұмыс сапары барысында А.Бердалин Ақтөбе облыстық ветеринариялық зертханасының, республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың қызметкерлерімен де жүздесті. Сала мамандарынаветеринариялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту, эпизоотиялық жағдайды сақтау, цифрландыру жұмыстарын жүргізу бойынша міндеттер қойды.

Зарина Арман
Бөлісу: