07.02.2023
11:07
2078
Amanat партиясының съезіне өңірлерден 2 мыңнан аса адам келді

Amanat партиясының съезіне өңірлерден 2 мыңнан аса адам келді

Amanat-тың кезектен тыс XXV съезі басталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еліміздің барлық өңірінен 2000-нан астам адам Amanat-тың басты саяси іс-шарасына жиналды.

Олардың қатарында саяси кеңес мүшелері, Мәжілістің VII шақырылым депутаттары, өңірлерден келген делегаттар, партияның «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, сондай-ақ сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тағы басқалары бар.