AMANAT партиясы жанындағы экологиялық кеңестің отырысы өтті

28 Қаңтар, 12:15 681

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев пен Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ж.Әлиев AMANAT партиясы жанындағы экологиялық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырыс шеңберінде республиканың неғұрлым ластанған қалаларындағв қоршаған ортаға техногендік әсерді төмендету мәселелері талқыланды.

Вице-министр өз баяндамасында ірі кәсіпорындардың эмиссияларын төмендету бойынша жүргізіліп жатқан шараларды атап өтті.

Сонымен:

министрлік өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша 18 Жол картасын әзірледі, онда 336 іс-шара көзделген, оның 205-і немесе 61% орындалды. Оларды іске асыру республиканың ластанған қалалардағы атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға, сондай-ақ өңірдің негізгі экологиялық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді;

мониторингтің автоматтандырылған жүйесін 1-санаттағы кәсіпорындарда орнату бойынша жұмыс жүргізілуде, ол табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға әсерін онлайн режимде бақылауға және экологиялық заңнаманың бұзылуына жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 91 кәсіпорын анықталды, оның 39-ы орнатылды, қалғандары орнату сатысында;

топ-50 компания кешенді экологиялық рұқсаттарына көшу көзделген, Мұнда негізгі шарт "үздік қолжетімді технологияларды" енгізу болып табылады. ҮҚТ енгізу жыл сайынғы шығарындыларды жылына 900 мың тоннадан астамға қысқартады;

кәсіпорындардың экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында 2023 жылы 652 тексеру жүргізілді, 1679 бұзушылық анықталды, 628 нұсқама берілді, 322 млрд теңгеден астам сомаға 1834 әкімшілік айыппұл салынды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Жансая Әділбек
Бөлісу: