Аманат партиясы филиалының басшысы екі жасөспірімді және 9 сиырды қағып кетті

3 Шілде 2023, 15:44 2492

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы бойынша Amanat партиясы филиалының төрағасы Анара Бозаева басқарған жол талғамайтын көлік екі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ полицейлерінің мәліметінше, оқиға 2 шілдеде Тасшоқы ауылының маңындағы Ботақара – Доскей автожолында болды.

Nissan көлігін 33 жастағы әйел, аудандық мәслихаттың қызметкері басқарған,-деп хабарлады полициядан.

Әйел жолдан өтіп бара жатқан сиыр табынына соғылғаннан кейін, көлік руліне ие бола алмай, мотоциклмен келе жатқан сегіз және 16 жастағы екі адамды қағып кеткен.

Жасөспірімдер әртүрлі ауырлықтағы жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Равиль Ашығали
Бөлісу: