«Альварес – Чарло» жекпе-жегінде қазақстандық екі боксшы өнер көрсетеді

30 Қыркүйек 2023, 15:17 842

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Бек Нұрмаханбет (10-0, 8КО) пен Әбілхан Аманқұл (4-0, 4КО) Лас-Вегаста (АҚШ) Сауль «Канело» Альварес - Джермелл Чарло жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Б.Нұрмағанбет жеңіліп көрмеген нигериялық Абимбол Осундаиромен (5-0, 3КО) жұдырықтасады. Суперорта салмақтағы айқас 6 раундқа есептелген. Ал Ә.Аманқұл америкалық Джошон Джеймспен (7-0-1, 4 КО) жұдырықтасады. Орта салмақтағы бұл жекпе-жек те 6 раундқа жоспарланған. Кездесулер астана уақытымен 1 қазан, сағат 03.00-де басталады.

Кazproboxing мәліметіне сүйенсек, кеше қазақстандық қос боксшы жекпе-жектері алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыластарымен көз арбасты.

Б.Нұрмағанбет бұған дейінгі айқасын мамыр айында өткізген еді. Ол екінші раундта мексикалық боксшы Архенис Эспаньюді (15-2, 14 КО) нокаутқа жіберді. Ә.Аманқұл да шаршы алаңға мамыр айында шығып, мексикалық файтер Фабиан Фраустоны (7-8-3, 4 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Лас-Вегастағы кештің хедлайнерлері – өз салмақ санатындағы көшбасшылар Сауль Альварес (59-2-2, 39 КО)пен Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО). Кездесу суперорта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін өтеді.

Sports.kz-тің жазуынша, «Хабар» арнасы T-Mobile Arena-дан тікелей көрсетілімді 1 қазан күні сағат 07.00-де бастайды.

Бұл жекпе-жекте С.Альварес 168 фунтта өзіне тиесілі барлық титулын – WBA Super, WBC, IBF және WBO белдіктерін бәске тігеді.

«Канело» соңғы рет рингке биылғы мамыр айында шыққан еді: Ол төрешілердің бірауызды шешімімен британдық Джон Райдерді (32-6, 18 КО) жеңді. Джермелл Чарлоға келсек – 2022 жылдың мамырынан жекпе-жек өткізбеген. Ол кезде Д.Чарло оныншы раундта аргентиналық Брайан Кастаньоны (17-1-2, 12 КО) нокаутпен ұтты.

Асқар Таудай
Бөлісу: