22.10.2023
16:29
736
Алуа Нұрманова Qatar Masters Open бәсекесінде жүлдегер атанды

Алуа Нұрманова Qatar Masters Open бәсекесінде жүлдегер атанды

Шахматшы Алуа Нұрманова Доха қаласында өткен Qatar Masters Open бәсекесінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық құрама ойыншысы 9 турдан кейін 4,5 балл жинады.

Осылайша ол Халықаралық спорт шеберінің 1-нормасын және әйелдер Гроссмейстерінің 2-нормасын орындады.

Үндістандық Рамешбабу Вайшали мен Дивья Дешмух 5 ұпайдан алды. Қосымша көрсеткіш ойынша алғашқысы топ жарды.

Айта кетейік, Qatar Masters Open – әлемдегі ең беделді шахмат турнирінің бірі.

Мұнда ФИДЕ рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар ғана сынға түсе алады.

Биыл 44 елден 252-ден астам шаршы тақта шебері жиналды.

Оның ішінде 8 шахматшының рейтингі 2700-ден асқан, ал 60-тан астамы гроссмейстер атағын алғандар.

Турнирдің жүлде қоры 108 250 АҚШ доллары. Бас жүлде – 25 000 доллар.