Бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова Нью-Делидегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Жеңіл салмақта (48 кг) жұдырықтасқан Алуа Балқыбекова Сингапур өкілі Чи Вай Кей Ванды айқын басымдықпен жеңді.
Бас бапкер Шамиль Сафиуллиннің шәкірті Алуа шаршы алаңда басымдық танытып, жойқын соққылар жасады.
Алуа Балқыбекованың келесі қарсыласы Ресей спортшысы Юлия Чумгалакова болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram