Алтыншаш Мұқатаеваның «Ғашықпын» атты концерті өтеді

22 Қазан, 18:34 381

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солисі, Мәдениет саласының үздігі, тағдырымен талай тыңдарманға шабыт сыйлаған қайсар әнші Алтыншаш Мұқатаеваның «Ғашықпын» атты мотивациялық шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ғашықпын» кешінде өмірдің сынағына сынбаған, өнерге шексіз ғашық Алтыншаш әуезді әндерін шырқап, өмірі мен өнері, қуанышы мен қиындықтары, жетістіктері мен жеңілістері туралы сыр шертеді.

Алтыншаш Мұқатаева кәсіби шеберлігін шыңдау үшін үнемі ізденіс үстінде және алуан түрлі халықаралық өнер сайыстарында бақ сынап, «Париж открывает таланты» (Париж, Франция), «Planet of arts» (Мәскеу, Ресей), «Art line» (Париж, Франция),  «СтранаПой» (Мәскеу, Ресей), «Золотой дракон» (Пекин, Қытай), «Magic voice», «Icon music fest» (Сочи, Ресей), «ЖасSTAR» сынды халықаралық деңгейдегі беделді конкурстардың жеңімпазы және жүлдегерлер  қатарынан табылды.

Кеш Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабек, халықаралық конкурстардың лауреаты Бауыржан Исаев, Ербол Тәжібаев және «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры, «Birlik» ән-би ансамблінің қатысуымен өтеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: