«Алтынбек Қоразбаев 150 мың доллар салды». Заңгер әншілер қаржы пирамидаларына қалай алданғанын айтты

29 Желтоқсан 2023, 15:16 3712

Заңгер Нұрсұлтан Орынбек әншілердің қаржы пирамидаларына қалай алданғаны туралы Нартай Аралбайұлының youtube-арнасына берген сұхбатта айтты. Бұл туралы Massaget.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, осыған қатысты іс үш жылдан бері жүргізіліп келе жатыр.

Бұл ұйымға көптеген әнші алданған. Атап айтсақ, Бағдат Сәмединова 70 мың доллар, Гүлзира Айдарбекова үйін сатып, ақшасын берген. Шахизада әпкеміз, соның замандастары Алма Аманжолова, Сұлушаш Нұрмағамбетова, одан басқа Мирас-Құралай, Әйгерім Битанова, айта берсем, көптеген өнер иесі алданған. Алтынбек Қоразбаев 150 мың доллар салып, жартысын қайтарып алған. Ал одан кейінгі ақша салғандар оны ала алмаған. Қаржы пирамидаларының «бір бөлмелі үйіңді сатсаң, екі бөлмелі үй аласың, шетелге шығасың» дегеніне сеніп қалған, - деді ол.

Сондай-ақ заңгер Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты пікірін де білдірді.

Халықтың тарапынан бұл кісіге сұраныс болса, өзі қызметін заңды көрсетіп отырса, алаяқ деп қарастырмаған. Жалпы заңдық тұрғыда қарастырсақ, халыққа психологиялық курс сатуға шектеу қою керек деп идея айтқанмын. Әлі де қарастырып жатыр, - деді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: