Алтынай Жорабаеваның күйеуі үйленбес бұрын балдызына көлік әперген

8 Маусым 2023, 13:31 8426

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің отбасы құрмай тұрып інісіне көлік алып бергенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол  «Ұйқым келмейді» бағдарламасында күйеуі Әлішермен танысар алдында тіпті әнші екенін де айтпаған.

Әлішер басында менің әнші екенімді де білмеді. Біреулер «Сенің әншілігіңе, ақшаңа қызыққан жігіт қой» деп ойлайды. Мейлі, сырттағы әңгіме біз қаласақ та, қаламасақ та айтылады. Ол «Сенің әке-шешең, бауырларың осындай ойда болмаса екен. Менің жағдайым өзіме жетеді» дейді. Сол кезде ол бауырларына көлік әперіп жатқан. Содан кейін Талғатқа да әперді, - дейді өнер иесі.

Әнші інісіне үйленбей тұрып, болашақ күйеуінің көлік әпергеніне басында таңқалыпты.

Екеуіміз әлі отбасын құрмаған кезіміз. Мен басқа қалада тұрамын. Бірақ телефон арқылы сөйлесіп жүргенбіз. Бір күні уыс-уыс долларды суретке түсіріп жіберіпті. Інім Талғатқа көлік әпергісі келетінін айтты. Не үшін екенін түсінбеймін. Әлішердің руы – арғын. Талғаттың келіншегі - арғын.»Жиенім тоңып қалмасын. Көлігінің пеші бірде істеп, бірде істемейді екен» деп, көлік әперді,  - деді Алтынай Жорабаева.

Айта кетейік, Жорабаеваның қазіргі жолдасы Әлішер Есенғазин — Қостанай облысының тумасы. Әншіден екі жасқа кіші.  Бұған дейін бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын.

Алмас Абылай
Бөлісу: