Алтынай Жорабаева қызын қырқынан қалай шығарғанын көрсетті

20 Ақпан, 20:42 30272

Танымал әнші Алтынай Жорабаева бесінші қызын қырқынан шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кішігірім ортада Амина Алишерқызын қырқынан шығардық. Себебі, вирус өршіп тұрғанда, үйге көп адам шақырмадық. Оған ешкім ренжімейді деп ойлаймын. Алла қаласа, күн жылығанда, ағайын-туыс, дос-жаранның басын қосып, шілдехана тойын жасауға ниеттеніп отырмыз, - деп жазды әнші.

Өнер иесі көп қонақ шақырмай, тек жақындарының бас қосқанын айтты.

Арнайы Алматыдан ат терлетіп, Мансия құрбым келді. Ең үлкен әпкем Ақтолқын, келіні Гауһар, тұңғыш қызымыз Аяулымның кіндік мамасы, әрі ақ көршім Айған жеңешем, оның келіні Алтынай келді. Астанадағы құрбыларымнан тек Сандуғашым келді. “Негізі құрбыларды шақырып жатқан жоқпын” дегеніме қараған жоқ. Міне, осылай кішігірім ортада ақ тілектерін жаудырып, мәре-сіре болып, қызымызды қырқынан шығарып алдық, – деп жазды әнші.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: