Алтынай Жорабаева күйеуінен алған қымбат сыйлықтарын көрсетіп, мақтанды

30 Қазан 2023, 10:27 17624

Әнші Алтынай Жорабаева күйеуі жылына екі рет бриллиант сыйлайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәстүр бойынша телефон және бриллиант. Рахмет, жаным. Сүйемін, - деді видеода әнші.

Өнер иесі күйеуінің өзіне сыйлық беруі дәстүрге айналғанын атап өтті.

Менің жәннатымның дәстүріне айналған дағдысы: мені 9 тал гүлмен әуежайдан күтіп алу, туған күнге ұялы телефон сыйлау, жылына екі рет бриллиант сыйлау, қыздарға телефон, ноутбук, құлаққап, планшет сыйлау. Сонымен қатар өз анасы мен бауырларына және менің ата-анама ұялы телефон сыйлау дағдысы қанына сіңіп кеткен. Сендей жанды жолықтырған Аллаға шүкір, - деп жазды Алтынай Жорабаева. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: