22.11.2023
11:48
2447
Алтынай Жорабаева көпшілікке енесін көрсетті

Алтынай Жорабаева көпшілікке енесін көрсетті

Танымал әнші Алтынай Жорабаева күйеуінің анасын көрсетіп, жылы лебізін арнады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қос анам. Сұлуларым, махаббаттарым. Аллаға шүкір, - деп жазды әнші. 

Әншінің оқырмандары да тілектерін жазып, пікір білдірді.

"Қос құдағи бір-біріне ұқсайды екен", "Бір-бірінен аунымайды", "Сіз енеңізге көбірек ұқсайсыз", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, танымал әнші Алтынай Жорабаева қоғамда болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазба жариялап, өзі де зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын жазған едік. Өнер иесі бірінші күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен бірге тұрған кезінде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын ашық айтып жүр. Ал әнші Талғат Жорабаев әпкесі  Алтынай Жорабаеваның күйеуінің адамгершілігі туралы айтып берді.