«Алтын Қыран» орденімен марапатталған Мирзиёев қазақ еліне ризашылығын білдірді

8 Тамыз, 14:40 338

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзін Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас қазақ халқына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл марапатты екі халық арасында ғасырлар бойы жалғасқан шынайы достық және тату көршілік қатынастарды арттыруға қосқан бірлескен күш-жігерімізге берілген лайықты баға деп санаймын. Қазақстан біздің ең жақын, сенімді әрі уақыт сынынан өткен серіктесіміз, – деді Шавкат Мирзиёев.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Тоқаев Өзбекстан президенті екі ел арасындағы достық пен қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Сонымен қатар Астанада күллі түркі еліне белгілі өзбек ақыны Әлішер Науаиге ескерткіш орнатылатыны айтылды. 

Миражан Махан
Бөлісу: